Шымкент қаласында ауыл шаруашылығының дамуына байланысты жиын өтті

Аймақ
22.10.2015, 08:00

2015 жылдың 7 қазанында Шымкент қаласының қала әкімінің кеңесшісі Т. Баймұхановтың төралығымен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы саласының дамыту жолдары туралы сөз қозғалды. Жиналыстың күн тәртібінде Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың тапсырмасы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы саласының даму концепциясын жасақтау және қала аумағын «Шымкент қаласының мал асырау қағидасына» сәйкес 3 аймаққа бөлу мәселелері қаралды.

Жиналысқа Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшылары мен бөлім мамандары, ОҚО мәслихатының депутаты Ә.Досболов, ОҚМУ проректорлары, декандары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары С. Кенжалин, «Жер ҒӨО» РМК ОҚО Шымкент қаласы филиалының бас маманы Б. Умжанов, «РИЦ Максимум» қызметкерлері қатысты.

2016-2020 жылдарға арналған концепциясына сәйкес, қала аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатта пайдаланып жатқандығын анықтау туралы шаруа қожалықтарының қатысумен жиналыс өткізілген.  Жиналыс қорытындысы бойынша біршама жерлердің кадастрлық нөмірлері жоқ екендігі анықталған. Бұл ретте, бөлім тарапынан сәулет және қала құрылысы бөліміне кадастрлық нөмірлері алынбаған жер телімдеріннің тізімі жолданады.

Жиналыста қаралған екінші мәселе - қала аумағын «Шымкент қаласының мал асырау қағидасына» сәйкес 3 аймаққа бөлу. Бірінші аймаққа – ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға болмайтын аймақ, яғни қаламыздың көпқабатты үйлері орналасқан аудандар. Екінші аймаққа - көп қабатты үйлердің жанында орналасқан жеке үйлер кіреді. Бұл аймақта жеке қожалық иелері малдарын ұстауға рұқсат етіледі. Үшінші аймақ қатарына Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарынан қосылған 40 елді-мекен жатады. Бұл аймақта мал иелері малдарын ветеринариялық нормаларға сәйкес асырап, бос жатқан жайылымдарға жаюына рұқсат етіледі.

Жиналыс соңында сөз алған қала әкімнің кеңесшісі Т. Баймұханов жиналыста баяндалған мәселелердің ауыл шаруашылығы саласын дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ екендігін атап өтті.  

Дерек көзі: shymkent.gov.kz

Сұхбат

PhotoRoom