Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық округінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында облыстағы Шешен ұлтының мәдениеті мен өнері күндеріне арналған мерекелік шара болып өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Шара барысында қолөнер бұйымдары мен ұлттық кітап және тағам түрлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарына арналған ауыл өнерпаздарымен бірге «Вайнах» шешен ұлттық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерт берілді. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары мен өзге ұлт өкілдері өзара кездесіп, пікір алмасты. «Вайнах» шешен ұлттық бірлестігінің төрағасы Мовлади Исаевқа шапан жауып, құрмет көрсетілді.