Үстіміздегі жылдың 24 қазан күні велоспорттан Қызылорда қаласының ашық чемпионаты өтеді. Аталмыш шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа 1999 жылы дүниеге келген және одан кіші жастағы спортшылар мен әуесқойлар қатысады. Бірінші жарыс - 1999 ж.т. 16 шақырым. Екінші жарыс - әуесқойлар 16 шақырым. Мәре тасбөгет кенті су торабынан басталып, сөре тағзым алаңында аяқталады. Басталуы сағат 10.00.