Биыл жыл кітабы болып қазақ әдебиеті мен тарихында өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалған. Осыған орай, Жалағаш аудандық кітапханасында аталған тақырып аясында оқырмандармен кездесу болды. Қазір ешкімге жасырын емес көпшілік арасында кітапхана оқырмандары азайып кетті деген пікірлер бар. Бұл басқосу – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мен оқырмандар ортасын қалыптастыруға бағытталды. Кездесуге келген оқырмандар өзара емін-еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Кездесу соңында әр оқырман өзі қызығып оқыған кітаптарын бір-біріне сыйласа, кітапхана ұжымы өздерінің тұрақты оқырмандарын алғыс хаттармен марапаттады.