23 қазан күні Арал қаласында ҚР Халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаев атындағы көшенің ашылу салтантына өнердегі үзеңгілес достары мен жора –жолдастары, жары және балалары қатысты. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Абзал Мұхимов құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің маңызына тоқталып өтті.
Және Құдайберген Сұлтанбаевтың жары Дәкен Сұлтанбай осындай құрмет жасаған Арал жұртына алғысын білдірді.