Ақмола облысының Жақсы кентінде жасөспірімдер арасында өткен грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 66 кг салмақта Аралдық қос палуан Ақбалаев Берекет БІРІНШІ орын, Қабылов Нұрбол ЕКІНШІ орын иемденіп жеңіс тұғырынан көрінді.
Біздің ауданда грек-рим күресі 2013 жылдан бастап қолға алынған болатын. Осындай аз уақытта чемпиондарымыздың шығуы біз үшін қуанарлық жағдай. Бұл екі чемпионды жарысқа дайындаған- №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің жаттықтырушысы Қожекенов Талғат.
Дерек көзі: aral.gov.kz