КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА 60 ЖЫЛ

Аймақ
28.10.2015, 12:24

Бүгінгі Кентау - шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енген облыстағы жалғыз қала. Шаһар биыл 60 жылдық мерекесін атап өтуде. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мерекелі іс-шараларға ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ш.Мырзахметов, Бас Мүфти, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Е.Маямеров, мемлекет және қоғам қайраткері Б.Жылқышиев, ҚР мәдениет қайраткері Т.Жаманқұлов қатысты. Мерекелік шаралар Кентау тұрғындарына пәтер кілтін тапсыру рәсімінен бастау алды. Кентау Трансформатор зауыты күрделі жөндеуден өткізген үй пәтерінің кілтін облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды мен қала әкімі Ә.Мақұлбаев 48 жас отбасына тапсырды.

Салтанатты жиында Д.Сатыбалды облыс әкімі Б.Атамқұловтың құттықтау сөзін жеткізіп, барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Д.Сатыбалды облыс пен Кентауға еңбегі сіңген азаматтарға алғыс хаттар мен төс белгілер табыстады.

 

Сұхбат

PhotoRoom