ОҚО МЕН ТӘЖІКСТАННЫҢ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Аймақ
28.10.2015, 12:39

Күні кеше облыс әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың төрағалығымен Тәжікстан ұлттық Іскер әйелдер қауымдастығының кәсіпкер әйелдері, орталық-азияаттық Іскер әйелдер қауымдастығы делегатымен бірлескен, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің  баспасөз қызметі хабаралады.

Кездесуде облыстық комиссияның қызметі мен отбасы және балалар бойынша әйелдер істерінің ұлттық саясаты сөз болды. Тәжікстаннның іскер әйелдерінің біздің өңірге келуінің бірден-бір мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау бойынша көрсетіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалармен танысу.

Делегаттар апта ішінде әйелдер басқаратын кіші және орта бизнеспен танысып, кәсіпкерлер мен барлық қалағандар үшін «бір терезе» бойынша қызмет ұсынатын КҚКО-ның жұмысын көрді. Жиында тәжікстандық іскер әйелдер кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдаудың маңыздылығын айтып, алған тәжірибелерін өз елдерінде жүзеге асыратындарына сенім білдірді.

Сонымен қатар, облыстық комиссияның атқарып жатқан жұмыстарына оң баға берді. Осы бағытта тәжірибе алмасу үшін жұмысты бірлесіп жалғастыруды және ортақ сұрақтарды шешу үшін он-лайн жүйелі желісін ұйымдастыру ұсынылды. Мәжілісті қорытындылаған аймақ басшысының орынбасары Е.Айтаханов тәжірибе алмасу бойынша ұйымдастырылған бұл кездесу екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына одан әрі серпін беретіндігін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom