Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Б.Атамқұловтың өкімімен Кеңесбек Нүсіпқұлұлы Мендебаев облыстық қаржы басқармасының басшысы болып, жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңесбек Нүсіпқұлұлы Мендебаев 1955 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын Алматы облысы «Амангелді» кеңшарында бастаған. Жамбыл аудандық ауылшаруашылық мекемелерінде экономист, бас экономист, бас бухгалтер лауазымдарында еңбек еткен.
Жамбыл, Талғар аудандарының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің бастығы болып қызмет атқараған, сондай-ақ Кеңесбек Нүсіпқұлұлы Мендебаев ауыл әкімі, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесінің бірі болып, Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы болып жұмыс жасаған. 2015 жылғы шілдеден бастап Алматы облысы Іле ауданы әкімінің қаржы және экономика салалары бойынша орынбасары болып еңбек етіп келген.