Ленгер қаласында Төлеби аудандық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен филиал жұмысы және Қаржы институттарының несиелендіру шарттары мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысының орындалуы туралы Төлеби ауданы кәсіпкерлерімен кездесуі болып өтті.
Кездесуді ОҚО Төлеби аудандық филиалының директоры Х.Әшірбеков ашып, өз мәлімдемесінде Мемлекет басшысының сөзін «Қазақстанда бизнес-омбудсмен институты енгізіліп жатқанын, өндіріске немесе елдегі инфрақұрылымдық жобаларға айтарлықтай қаржы салатын ұлттық инвесторлар оның жеке қорғауында болуы тиістігін еске салды.
Ауданда кіші,орта шаруашылықтарға бухгалтерлік және құжаттармен қамтамасыз ету,маркетингтік зерттеу жасау мәселесі бойынша 2015 жылдың қазан айына дейін 127 кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетілсе, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 500 жуық кеңес берілген. Төлеби ауданы бойынша 41 жобаға қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несие үлестіріліп, 3 жобаға екінші деңгейлі банктерден пайыздық өсімдерін субъсидиялау арқылы көмек көрсетілді. Келіп түскен өзге де мәселелр бойынша арыз-шағымдардың 51 оң шешімін тауып, 5 мемлекеттік органдарда қаралып жатқанын айтты.
Елбасымыздың тапсырмаларын жүзеге асыру бағыттары бойынша атқарылатын нақты жұмыстарды түсіндіру мақсатында, кездесуге ОҚО кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалы директоры мен «Даму» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ, «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, аймақтық филиал жетекшілері мен «РИЦ «Максимум» ЖШС, «Ырыс» ЖШС қатысты.