Шымкентте электр трансформаторларын шығаратын зауыт салынбақ

Аймақ
30.10.2015, 13:02

Шымкент қаласында кернеуі 220 және 500 кВ болатын электр трансформаторларын шығаратын зауыт салынатын болады деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Alageum Electric» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.  Бұл туралы  облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабаралады.

- Орта бизнестегі көшбасшы компанияларды қолдау үшін «Ұлттық чемпиондар» секілді бағдарламаны іске қосу бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасының арқасында көптеген компаниялар мемлекет тарапынан елеулі қолдау алып отырғаны барлығымызға белгілі. Мәселен, біз осы бағдарлама шеңберінде Шымкент қаласында кернеу сыныбы 220 және 500 кВ болатын қуат трансформаторларын шығару бойынша Қазақстанда алғашқы зауыт салуды жоспарлап отырмыз, - деді Е.Ілиясов.

Айта өткен жөн, Оңтүстік Қазақстан облысында ең алғашқы трансформатор зауыты Кентау қаласында 1959 жылы бой көтерген болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom