Басты мақсат – құрылыстың сапасы

Аймақ
31.10.2015, 12:43

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Шымкент қаласының бірқатар өндіріс және құрылыс нысандарын аралап шықты. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады. 

«Современные строительные изделия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік базасының жұмысымен толық танысты. Аталған бұл  кәсіпорын әр түрлі темір құрылымдарды,  сонымен қатар,  базальттық плиталар мен блоктарды да шығарумен айналысады екен.

Тексеріс барысындағы келесі нысан бұл – Қ. Төлеметов көшесінің бойында салынып жатқан тұрғын үйлер болды. Жеті қабатты көппәтерлі тұрғын үйді  салушы мердігер « Отау - Строй » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлап отыр.

Сондай - ақ, аралау барысында «Асар» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары толығымен қаралып, отызға жуық баспаналардың құрылыс жұмыстары пысықталды. Бұл тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталуы тиіс деп күтілуде.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінде 2015 жылы « Өңірлерді дамыту - 2020 » бағдарламасының орындалу барысы бойынша жиналыс болып өтті.

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/DSC_0075.jpg"]

Сұхбат

PhotoRoom