ОҚО-да елімізде теңдесі жоқ ескек есу спорт кешені ашылды

Аймақ
03.11.2015, 14:45

Аймақта еліміздегі теңдесі жоқ ескек есу спорт кешені ашылды деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бадам» су қоймасының маңынан байдарка және каноэда есуден оқу жаттығу базасының спорт ғимаратының ашылу салтанаты болып өтті. 

Елімізде теңдесі жоқ бұл кешен су және ескек есу спорт түрлері үшін әмбебап оқу жаттығу базасы болып табылады.  Және жүз отыз адамға арналған заманауи спорт ордасының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков қатысты. Бұл спорт базасы сегіз гектар аумақты алып жатыр және оның басқалардан артықшылығы  бір мезгілде жүзден астам спортшы оқу- жаттығу жұмыстарын жүргізе алуында болып отыр.

Мұнда біздің  спортшыларымызды жатын бөлме және екі жаттығу залмен қаматамасыз еткен, сондай-ақ  елу адамға арналған асхана мен монша да қарастырылған. Сонымен қатар, екі спорт алаңшасы және қайықтарды қажетті температурада сақтайтын қойма мен жөндеу орындары да бар екен.

Бүгінгі таңда, оңтүстік аймағымыздың  ескек есуден құрама командасы олимпиадаға жолдама алу үшін Индонезиядағы  өтіп жатқан Азия чемпионатында жарысқа түсіп, бақтарын сынауда.

 

Сұхбат

PhotoRoom