ОҚО-да жиын-терім науқаны жоспарға сай жүруде

Аймақ
02.11.2015, 14:25

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары өңірдегі 3,2 мың гектар алқапқа күріш егіп, 17,3 мың тонна өнім жинады. «Ақ маржанның» түсімділік көлемі гектарына елу төрт центнерді құрап отыр. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Ал мақта теру науқаны бойынша бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысында 219,4 мың тонна «ақ алтын» жиналып үлгерді. Маусым соңына дейін 265,3 мың тонна (2014 жылы 320,7 мың тонна) мақта теруді жоспарлаған мақтаралдық шаруалар қазір кзде бұл межені 82,7 пайызға (2014 жылы 63,4 пайыз) орындап отыр екен.

Осы маусымдағы күзгі жиын- терім жұмыстарына Үкіметтен 44,7 мың тонна жанар-жағармай бөлінді және де бұл мөлшердің  өткен жылмен салыстырғанда (2014 ж. - 39,0 мың тн) 5,7 мың тоннаға артқаны байқалып тұр. Бүгінгі күнге облыстағы шаруа қожалықтарына 42,5 мың тонна жанар- май ( 95%) таратылды.

2016 жылдың өніміне межеленген жүз жиырма екі мың гектар жердің 112,2 мың гектарына (92 %) күздік бидай егілді. Астық егушілер жиырма сегіз мың тонна тұқыммен де толық қамтамасыз етілген.  Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында, күздік бидайдың егу көлемін жүз алпыс бес мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 

Сұхбат

PhotoRoom