Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласы жасыл қалаға айналмақ. «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га «Ақтас», үш жүзге жуық га «Бөржар» мен 100 га «Қайнарбұлақ» учаскелері.
Бүгінде осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жасыл аймақ» мекемесінің мамандары қаланың батыс бөлігіндегі екі мың бес жүз гектар алқапқа ағаш көшетін егу жұмыстарын бастап кетті. Жасыл белдеуге желтоқсан айына дейін үш млн.түп қарағаш егіледі деп көздеп отыр мекеме мамандары.
Бұл жұмыстарға жиырма үш техника мен 120 жұмысшы жұмылдырылған. Нәтижесінде Шымкент қаласындағы жасыл желек бес мың гектар алқапқа ұлғайып отыр. Егіліп жатқан көшеттің бәрі облыстағы тәлім бақтардан алынып отыр. Бұдан бөлек қаламызда аумағы екі жүз гектарды құрайтын қоғамдық бақ та құрылады. Бақта алма, шабдалы алмұрт секілді жеміс ағаштары өсіріледі.
Бұл еліміздің өзге қалаларында жоқ бақ болмақ. Бұл алқапқа көшет отырғызу үшін сала мамандары жерді құнарландыру жұмыстарын жүргізіп, содан кейін топырақты ылғалдандырыпты бұған бірнеше жыл жұмсалды.