ОҚО әкімі ЮНЕСКО-ның сарапшыларымен кездесті

Аймақ
04.11.2015, 14:11

Кеше, 3 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Б. Атамқұлов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетіне мүше мемлекеттердің сарапшыларын қабылдады. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Екі жақты бұл кездесу барысында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүгінгі жағдайы толығымен талқыланып, реставрация жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды, сонымен қатар, кесенені қорғау және де Түркістан қаласындағы ескерткіштерді қорғау  жайы да сөз болып өтті.

Қос тарап «Әзірет Сұлтан» мұражай - қорығының маңында  құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы пікір алысты және бұл істе назардан тыс қалдырмайтын маңызды бір мәселе ол - құрылысты жүргізу ісінде тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған регламентті сақтау болып отыр.

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетіне мүше мемлекеттердің сарапшылары Түркістан қаласындағы бірнеше мың тарихы бар бұл кешенде зерттеу жұмыстары он үшінші қарашаға дейін жалғасын табады дейді.

Естеріңізге сала кететін тағы бір жайт, 2003 жылы маусым айында Франция мемлекетінің астанасы Париж қаласында  ЮНЕСКО- ның жиырма жетінші сессиясы болып өткен еді. Және бұл сессияда  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген болатын.

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/2.jpg"]

Сұхбат

PhotoRoom