ОҚО-да коммуналдық мәселелер бойынша Call-орталығы ашылды

Аймақ
04.11.2015, 14:35

Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй және коммуналдық мәселелер бойынша Call-орталығы ашылды. Заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған бірыңғай орталықтың Call-орталығындағы мамандар оңтүстікқазақстандық тұрғындардан келіп түскен ауызсу, электр жарығы, көгілдір отын, жылу және кәріз жүйелері бойынша өтініштерге шұғыл түрде жауап беретін болады. Ақпарат ОҚО әкімі баспасөз қызметінен.

АРЫЗ-ШАҒЫМДАР БОЙЫНША 8(7252)-39-55-55 БАЙЛАНЫС НӨМІРІ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ.

Бірыңғай байланыс орталығы 09:00-19:00 аралығында жұмыс істесе, жылу маусымы кезінде тәулік бойы өтініштер қабылдайды.

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/85-60-2.jpg"]

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/IMG_6610.jpg"]

 

Сұхбат

PhotoRoom