Жалағаш ауданында ардагерлерді демалдыру шарасы бастау алды

Аймақ
05.11.2015, 12:13

Қараша айының басынан Жалағаш ауданының әкімі Талғат Дүйсебаевтың бастамасымен  «Ақтерек» сауықтыру лагерінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шара аясында аудан ардагерлерін демалдыру шарасы бастау алды. Бұл туралы Жалағаш аудан әкімі баспасөз қызметі хабарлады.

Бір ауысымда жиырма ардагерден 4-5 ауысымда барлығы жүзге жуық ардагерді сауықтыру шарасымен қамту жоспарланып отыр. Сауықтыру шарасы аясында тегін медициналық кабинеттер қызмет көрсетіп, түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады. Бір ауысымға әр ауылдық округ пен түрлі саланың ардагерлері топтастырылуда. Мұндағы басты мақсат өзара әр ауылдағы жағымды жаңалықтармен бөлісіп, өзара пікір алмасу болып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom