ОҚО бюджеті жоспарға сай орындалуда

Аймақ
05.11.2015, 12:49

Жалпы облыс бойынша 2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 148,9 млрд.теңге түсті. Оның ішінде жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 104,8%-ға орындалып, 3192,5 млн.теңге артығымен түсті. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджетке түскен қаржы 119,7 %-ға өсіп отыр. Есепті кезеңде жергілікті бюджеттің кірістер жоспары барлық аудан, қалалар бойынша асыра орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігін орындау жөніндегі көрсеткіштердің де жылдан жылға сапасы жақсарып келеді. Ағымдағы жылдың тоғыз айында бюджеттің шығыстары 99,2%-ға атқарылды немесе 354,7 млрд.теңге игерілді.

Әлеуметтік салаға бөлінген қаржының биылғы жылдың тоғыз айында 235,7 млрд.теңгесі игерілді. Атап айтқанда, білім беру саласына биылғы жылы 188,2 млрд.теңге бөлінген болса, оның тоғыз айда 147,2 млрд.теңгесі игерілді, өткен жылмен салыстырғанда ол  5,7%-ға өсіп отыр. Денсаулық сақтау саласына 2015 жылы 75,8 млрд.теңге қаралған болса, оның 9 айда жұмсалғаны жалпы 56,8 млрд.теңгені құрады. Ал мәдениет пен спортқа және ақпараттандыру саласына биылғы жылы 23,2 млрд.теңге бөлінген еді, оның 9 айында 19,1 млрд.теңге игерілді, яғни өткен жылмен салыстырып қарағанда 0,7 млрд.теңгеге көп жұмсалып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom