96 офицер арнайы сертификатқа ие болды

Аймақ
05.11.2015, 13:04

Тәуелсіз ел тәртібін нықтайтын сақшылар өз жұмыстарына кірісті. Кеше, 4 қараша күні Шымкент қаласындағы Ішкі істер министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында 96 офицер арнайы сертификатқа ие болды. Бұл туралы Қазақстан-Шымкент телеарнасы хабарлады.

Отанға қызмет етеді елдегі жігіт жақсысы, Тәуелсіз елдің тәртібін сақтайды ел сақшысы. Бүгінгі өмірімізде құқыққорғау қызметкерлерінің алар орны ерекше. Өмірін елдегі тыныштықты сақтап, қылмысты болдырмау жолында күреске арнаған ардагерлер 2 айлық курсты тәмәмдап отырған офицерлер құрамына сәт-сапар тіледі.

Бұл оқу орталығында   жылына төменгі буын және офицерлік құрамы бар 1,5 мыңнан астам тәртіпсақшысы білім алады. Тәртіппен бірге тәрбие беру де - біздің орталықтың басты міндеті. Сондықтан осында келген тыңдаушыларға жан-жақты білім береміз. Отансүйгіш рухын көтеру мақсатында тарихи мәдени мекендермен де таныстырып шығамыз,-дейді орталық басшылығы.

Бұл оқу орталығына тыңдаушылар еліміздің барлық облысынан келеді. Берісі Жамбыл, Алматы, арысы Ақмола облысының ұландары бар. Руслан Шыныбеков Астана қаласынан арнайы жолдамамен келген. Мұндағы тәрбие білім сапасына көңілі толатынын жеткізді.

Патриоттық рух, Отанды сүю өзіңнен басталады. Мұндағы әрбір қызметкер өз мамандығын мақтан тұтады. Себебі, олар Қазақстан полициясы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom