Шымкентте рентген диагностикалық аппарат шығаратын зауыт салынып жатқаны туралы мәлімдеме жазды «Оңтүстік Қазақстан» газеті.
Бұл жаңа кешенде жазылуы қиын ауруларды алғашқы даму сатысынның өзінде- ақ анықтап беретiн, тiптi ананың құрсағындағы күрделi патологиялық өзгерiстердi де дәл ашып көрсететін заманауи жоғары технологиялы аппарат пен құралдар шығарылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана Астана қаласында ҚР Президентi Н.Назарбаев пен Жапония елінің Премьер- министрi Синдзо Абэнiң төрағалығымен бизнес- форум өткен болатын. Бұл форумға қос елдiң iскер топ өкiлдерi қатысып, болашақта бой көтеретін әр саладағы нысандардың жобалары талқыланды. Солардың ішінен «KAZMEDPRIBOR Holding» компаниясының президентi Рахат Байзақовтың жобасы көпшіліктің назарына ілініп, қызығушылықтарын арттырды.
Алдағы уақытта жұмысын бастайтын бұл өндiрiс кешенi де жапондық «SHIMADZU» фирмасымен серіктестік орнату нәтижесінде бой көтеріп жатқанын айту керек. Жылына алпыс мың дана өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорында жүз елу жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Соның арқасында отандық компания ауруханалар мен диагностикалық орталықтардың заманауи рентген аппаратына деген сұранысын өңiрде ғана емес, республика бойынша да қанағаттандырмақ.