Жыл соңына дейін 4 балабақша, 2 мектеп ашылмақ

Аймақ
06.11.2015, 12:46

Шымкентте жыл соңына дейін 320 орынды төрт балабақша мен екі мектеп пайдалануға беріледі. Білім ошақтары шаһарға жаңадан қосылған шағынаудандардан орын тепкен. Бұл туралы otyrar.kz  хабарлады.

320 орынды балабақшаның бірі — Нұртас шағынауданы мен Сайрам елдімекенінен қосылған жүз жетпіс сегіз орамның шекарасында орналасқан. Құны 520 млн тенгелік нысанның құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған еді. Бүгінгі таңда нысан құрылысының 95  пайызы аяқталып, берілуге жақын. Ал көгалдандыру жұмыстары тек көктемде ғана жүргізіледі екен.

Ал Бозарық шағынауданы тұрғындары да қуантарлық жағдаймен қауышып отыр. Мұнда бірден екі білім беру нысаны бой көтеріп, ел игілігне беріліпті. үш жүз жиырма орынды балабақша бүлдіршіндерді қабылдауға дайын. Ал мың екі жүз орынды мектептің құрылысы толық аяқталған.

Биыл балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту дәрежесі қуантарлық көрсеткіште емес. Өткен жылмен салыстыра алғанда 66 пайызға төмендеген. Десе де қала әкімі көрсеткішті көтеру жайында қатаң тапсырма берді, жыл соңына дейін 80 пайызға көтеру  керектігімен міндеттеді. Ал жаңа ашылғалы отырған төрт  балабақша берілген тапсырманы орындаудың алғышарты дейді сала мамандары.

Сұхбат

PhotoRoom