Оңтүстік өңірдегі жерлестеріміз «Шабыт» халықаралық фестивалінен жеңіспен оралды. Шаһардағы «Оңтүстік -цирк» мекемесінің әртістері бірінші орынды иеленіп, облысымыздың абыройын тағы бір асқақтатты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Жеңіл атлетшілер, ерлі- зайыпты Кәрина мен Ернұр Оспановтар сайыста шоу- бағдарламасымен қонақтарды таң қалдырып, көпшіліктің көңілінен шықты . Осылайша оқ бойы оза шыққан таланттар өңірдің намысын қолдан бермеді.
Айта өткен жөн, биыл он сегіз рет ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Қазақстаннан және де басқа шет жақтардан жалпы алғанда 388 үміткер қатысып, бағын сынап көрген болатын. Олардың өнерін еліміздің және Қытай, Германия, Израиль, Италия, Беларусь, Ресейден келген танымал майталмандар бағалап отырды.
«Шабыт» халықаралық өнер сайысының 1-орын иегері, Ернұр Оспанов : «Өте қуаныштымыз. Расында 1-орынды жеңіп аламыз деп күткен де жоқ едік. Біздің нөніміріз жарқын әрі костюмдеріміз де ерекше болды. Біздің еңбегімізді бағалағаны үшін қазылар алқасына айтар алғысым шексіз! Ал бізге сенім артқан жерлестерімізге рахмет! Цирк — күрделі әрі жалқаулықты көтермейтін өнер. Сондықтан алдағы уақытта да еңбектеніп, елімізге жеңіс сыйлауымыз үшін халықаралық сайыстарға қатысу жоспарда бар».