Шымкентте халықаралық ғылыми – тәжірибиелік конференция өтті

Аймақ
10.11.2015, 12:34

Шымкент қаласында халықаралық ғылыми – тәжірибиелік конференция жұмысын бастап кетті. Алғашқысы отандық медицина әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл атаулы форумға Түркия,  Израиль,   Ресей Федерациясы сынды бірқатар елдердің әлемге танымал ғалымдары  мен мамандары,  ғылыми зерттеу институттарының көрнекі өкілдері қатысты. Онда ғалымдар  дербес медицина мен  ғаламдық  денсаулық  тақырыбында  ой бөлісіп,  тәжірибие  алмасты.

Облыстық  Консультативтік  диагностикалық  медицина  орталығында   өткен  Халықаралық  Конференцияға  әлемнің  6 елінен  12 ғалым  қатысты.  Жиында медицинаның  қос саласы:  жүрек  қан тамырлары   хирургиясы  мен  акушерлік- гинекология  тақырыбы  терең  талданды.  Ал,  «skype»   желісі  арқылы  оңтүстікқазақстандық  дәрігерлер  мен  студенттер  әлемге танымал  профессорлардың   дәрісін  тыңдады.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті  жүрек-қан тамырлары кафедрасының меңгерушісі, Әмірхан Баймаханбетовтың айтуынша, конференцияның басты мақсаты - Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келген врачтардың шеберліктерін шыңдау екен.

Дамыған  әлем елдерінде  жаңа  жасушалы  терапия  жылдам  дамып  келеді.  Ғылым мен техниканың  кемелденгені  соншалықты, тіпті   нанотехнология  арқылы  жаңа  тамыр  өсіруге  болады, - дейді мамандар.  Бұл біз үшін қуантарлық жағдай.  Бүгінгі студент-ертеңгі дәрігер осы тектес  жаңалықтарды жадына тоқып өсуі тиіс!  Конференцияның  да  көздегені осы еді.

Стамбул техникалық университетінің профессоры, Октай Кадайфчи:  Девинчи аппараты пайда болды. Роботты хирургия дейді. Олар арқылы кішкентай тесіктер арқылы операциялар жасалынады. Ол телемедицина сияқты жаралған. Мысалы: мен Түркияда отырып,  Жапонияда операция жасай аламын. Сондықтан біз бірінші кімді, не үшін емдеп отырмыз, - соған мән беруіміз керек. Сонымен қатар, осы медицина саласындағы ақпаратты тиімді, дұрыс пайдалана алуымыз керек.

Халықаралық   аз инвазивті  хирургия  мен трансляциялық ғылым апталығы   қараша айының  14-не дейін  жалғасады.  Ертең   отандық  хирургтер  бар білгендерін ерекше отада паш етеді.

Дерек көзі: Қазақстан-Шымкент телеарнасы

 

Сұхбат

PhotoRoom