Индустрияландыру картасы бойынша Қазығұртта 5 жобаға 1592,1 млн теңге жұмсалды

Аймақ
13.11.2015, 12:25

ОҚО Қазығұрт ауданында Индустрияландыру картасы бойынша 5 жобаны іске асыруға 1592,1 млн теңге жұмсалды.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қазығұрт ауданын экономикалық дамуы  туралы әкім Болатбек Қыстауов сөз қозғады. Ол биыл ауыл тұрғындарын тұрақты және қоғамдық жұмысқа орналастыру бойынша жоспардың орындалғанын жеткізді. 1800 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Ал іс жүзінде 1978 орын ашылды. Бұдан басқа, 444 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, бастапқыда жоспарланғаны 431 орын болатын. Ауданда жұмыспен қамтуға   көзделген 19 958 мың теңге толықтай игерілді.

Ауданда агроөнеркәсіпті дамыту жоспары сәтті іске асырылуда. Жоспарланған 88 200 гектардың барлығы толықтай егілді. Астық өнімділігі - 100 891 тонна, орташа өнімділік - гектардан 24,5 центнерді құрады. Жылыжайды дамыту жоспары да асыра орындалды. 8 гектарға жылыжай салу жоспарланған, іс жүзінде алаң 8,18 гектарды құрады. Аудандағы жылыжайдың жалпы алаңы - 82,8 га.

Биыл Қазғұрт ауданында 35 800 тоннадан астам көкөніс жиналды. Өнім тек Шымкент базарына емес, Астана, Алматы базарларына шығарылды. Сондай-ақ аудан басшысы «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламаларының сәтті орындалғанын мәлімдеді.

Бұдан басқа, әкім ауданның әлеуметтік дамуы туралы хабардар етті. Сонымен, 2018 жылға қарай ауданның барлық 64 ауылдық жеріне табиғи газ тарту жоспарлануда. Әзірге көгілдір отын 13 елдімекенде ғана бар. 42 ауылда сумен жабдықтау жүйесі орнатылды. 19 елдімекенде жер асты сулары  зерттелуде.

Сұхбат

PhotoRoom