«RIXOS Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Шырайлы Шымкент-2015» туристік жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жәрмеңкенің басталуында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сөз сөйлеп, туристік көрменің лентасын қиды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі.
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі: - Шымкент - Жібек жолы бойында орналасқан ежелгі қала. Ертеде мұнда түрлі мәдениеттер тоғысқан. Бүгінгі таңда «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» көлік дәлізі бізден өтіп жатыр. Азия мен Еуропаны жалғап жатқан бұл құрлықтық көлік дәлізінің Шымкент қаласы үшін экономикалық пайдасы мол. Сондықтан да, қаламыздың туристік әлеуетін арттыру үшін біздің туристік кәсіпорындарымыз бәсекеге қабілетті болуы қажет.
Бұл реткі шараға шаһарымыздың жеті турфирмасы, бес қонақ үйі, отыз алды жеке қолөнер шеберлері қатысты. Осы көрме арқылы Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңіріміздің ең үздік кәсіпорындары мен оның сапалы өнімдері таңдап алынбақ. Қаламыздың белгілі кәсіпорындары мен қолөнер шеберлерінің өнімдерін таныстырған шараның мақсаты қаланың ішкі туризмін дамыту және де шеттен инвестрлер мен туристтер тарту болып табылады.