Аудан әкімі балуандарды қабылдады

Аймақ
13.11.2015, 13:12

Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев республикалық «Жас барыс» турнирінің жеңімпаздарын қабылдады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай өткен Орал қаласындағы турнирге қатысқан шиелілік балуандар Райымбек Рантаев пен Бекжан Төлепов топ жарған болатын. Олар алтыннан алқа тағынды. Ал Өмірзақ Рахметов ІІІ орынды иеленді. Осы үлкен жетістіктің үдесінде облыстың түйе палуаны, белгілі жаттықтырушы Ғабит Тәжбеновтің еңбегі зор.

Аудан әкімі балуандардың бұдан да биік белестерден көрінулеріне тілектестігін білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom