Коммерциялық блок операторлары арасында үздіктер анықталды

Аймақ
14.11.2015, 11:51

Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай коммерциялық блок операторлары арасында «Үздік маман» байқауы ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызметкерлердің кәсіби шеберлігі сынға түскен байқау барысында қатысушылар сала бойынша сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелік білімдерін көрсетті. Нәтижесінде Дана Әнуарбекава, Гүлбану Нұрзадаева, Ғалымжан Берденқұл, Айнұр Төлегенова үздіктер қатарынан көрінді. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

Сұхбат

PhotoRoom