Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясының қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы аясында Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Мәңгілік ел» идеясын қолдайды. Бұл туралы арнайы жиында дирекцияның бас директоры Бақытбек Қалықов мәлімдеді. Ақпарат облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Онда облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» МКМ сараптама және ұлтаралық қарым-қатынас мониторингі бөлімінің бастығы Ержан Уәйіс ел болашағының қандай болатыны жастардың сауаттылығына байланысты екенін атап өтті. «ЖасТелеком» жастар қанатының жетекшісі Айсұлу Малаева жастардың атынан Мемлекет Басшысының идеясын қолдайтынын жеткізді.