«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ тарапы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру бойынша инвестициялық жобасын іске асыру үшін несие желісін ашты. Бұл туралы аталған банктен хабарландырылды.
Атап айтқанда, жобаның жалпы құны 24,7 млрд теңге, қажетті қаражаттың 30%-дан артығын Даму Банкімен ұсынады, несиелендіру мерзімі - 10 жыл. Жоба индустрияландырудың екінші бес жылдығы аясында іске асырылады.
Белгілі болғандай, Қызылорда облысы аумағындағы Арал қ., Байқоңыр қ., Әйтеке би кенті, Жаңақорған кенті және Шиелі кенттеріне газ тартылмақ. Жалпы көгілдір отынмен Қызылорда облысының 190 000 тұрғыны қамтамасыз етілетін болады.
Газ елді мекендерге «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы келеді. Өңірде шамамен 1297 шақырым газ құбыры, 13 газ тарату бекеті, 174 шкафты бекеттер салынды.
Дерек көзі: inform.kz