Аралда дәстүрлі емес діннен сақтандыру мақсатында семинар өтті

Аймақ
17.11.2015, 12:06

Аралда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай халықты дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру мақсатында семинар өтті. Оған облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының, ішкі істер департаментінің өкілдері, аудандық мешіттердің бас имамдары, бөлім басшылары және кент, ауыл әкімдері, мектеп басшылары қатысты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам кеселіне айналған дәстүрлі емес діни ағымдардың кең етек алуының басты себебі – діни сауаттың аздығы. Бұл осы бір топ өкілдері үшін өте тиімді болып тұр. Олар бұрындары дәстүрлі дінге ашықтан-ашық қарсы шығатын болса, қазір астыртын әрекетке көшкен, - деді облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев.

Сонымен қатар, семинар барысында өзге ағымдардың өршу жолдары мен салдары қарастырылып, баяндамалар оқылды.

  • 0

Сұхбат

PhotoRoom