Қазалыда 12 тұрғын үй жөндеуден өтпек

Аймақ
17.11.2015, 12:14

Қазалы ауданында қазіргі уақытта тұрғын үйлер саны 105. Соның 56-сы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. 

Өткен жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-тетігі бойынша Жанқожа батыр көшесіндегі №1 бес қабатты тұрғын үйге (пәтер саны-57) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал биылғы жылы Қ.Пірімов көшесіндегі №5, 7 екіқабатты тұрғын үйлері жөндеуден өтті. Жұмыстар «Қазалы тынысы» ЖШС арқылы жүргізілді.

Айта кету керек, аталған бағдарлама шеңберінде 2016 жылға Счастнов көшесі №1, 3, 11, 25А және Желтоқсан көшесі №12, 14, 42, 46, 54Б, 56А, Жанқожа батыр көшесі №143, 145 екіқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. 

Сұхбат

PhotoRoom