Республикалық «Шаңырақ» байқауында жерлесіміз жеңімпаз атанды

Аймақ
19.11.2015, 16:19

Этносаралық татулықты ту еткен байқауда жерлесіміз жеңімпаз атанды деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Арыс қаласының әкімі С. Ертай Елордада өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының жиырма жылдығына арналған журналистер арасындағы республикалық «Шаңырақ» байқауында «Қазақстандық Отансүйгіштікті нығайтудағы мемлекеттік рәміздердің мәні туралы үздік мақалалар мен теле, радио бағдарламалар» аталымы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан журналист Жұлдыз Өтегенованы қабылдап, жеңісімен құттықтады.

II Халықаралық медиа Форум аясында өткен шарада үміткерлер бес аталым бойынша бақ сынасты.

Атап айтар болсақ, байқауда бақ сынасқан 400- ден аса БАҚ қызметкерлері «Қазақстандық Отансүйгіштікті нығайтудағы мемлекеттік рәміздердің мәні туралы үздік мақалалар мен теле, радио бағдарламалар», «Мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға бағытталған үздік мақалалар, мен теле, радио бағдарламалар», «Қазақстандық қоғамды этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған үздік мақалалар мен теле, радио бағдарламар», «Қазақстандық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуға бағытталған үздік мақалалар мен теле, радио бағдарламалар» және «Этномәдени бірлестіктердің қызметтерін насихаттайтын үздік  мақалалар мен теле, радио бағдарламалар» аталымдары негізінде шығарған туындылары мен жасаған жұмыстарын өткізген еді.

Сұхбат

PhotoRoom