Мәні мен маңызы жоғары мерекелік шаралар өтті

Аймақ
20.11.2015, 13:36

Биылғы жылы қаламызда мерекелік мерейтойлар мен мерекелер, патриоттық іс-шаралар ұлттық нақышта аталып өтілді. Ұлы дала тарихын түгендеген «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекелік іс-шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Одан бөлек Кентау қаласының 60 жылдық мерейтойы да кең көлемде аталып өтті. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Таукеева бөлім мен бөлімге қарасты «Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ, «Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» МКҚМ, 4 ауылдық клуб, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нде атқарылып жатқан жұмыстарды атап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Мәдени демалыс жұмысының түрлерін жаңартуға бағытталған бірқатар нақты іс-шаралар өткізілді. Мемлекеттік және ұлттық мерекелерді атап өтумен қатар, кәсіби мерекелерге де көңіл бөлінді. Сонымен қатар, мәдениет сарайының ұжымы жылдық есептік концерттер мен түрлі байқаулар ұйымдастырды, облыстық байқауларға іріктеу өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Конституцияның 20 жылдығы ұлттық нақышты атап өтілді. Ауыл клубтары арасында «Қазақ хандығының тарихы» атты байқау, Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіске рух берген әндер-ай» атты фестиваль, «Отан үшін от кешкендер» атты театрландырылған көріністер, «Наурыз думан» іс-шаралары өткізілді. Маусым айында облыстық «Мәдениетім-мерейім» өнер фестивалінде қала өнерпаздары қатысып, 18 жанр бойынша өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, қаламыздың 60 жылдығына орай бекітілген жоспарға сәйкес көптеген іс-шаралар, облыстық «Менің Қазақстаным», «Арай-2015» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілерінің байқауларына іріктеу кезеңдері, есеп беру концерттері, этно-мәдени орталықтардың концерттік бағдарламалары өтті, - деді Жанат Пазылбекқызы. - 9 кітапхананың 4-і ауылдық жерлерде орналасқан. Кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қорын отандық және әлемдiк классиканың туындыларымен, қазiргi заманғы жазушылардың кiтаптарымен, мерзiмдi  басылымдармен толықтырылуда. 2014 жылы бұл мақсатқа 813,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы 696,0 мың теңге қаралған. Жалпы кітап қоры - 280438. Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Қазақ  хандығын ұлықтау-тарихымызға құрмет» атты облыстық  байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Күрделі жөндеуден өткен Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайынан тілдерді оқыту және дамыту орталығына бөлме бөлініп, 2 бөлме лингафонды құралдармен жабдықталды. Жыл басынан тілдерді оқыту және дамыту орталығы арқылы 82 адам мемлекеттік тілді меңгергені туралы, 35 адам ағылшын тілін меңгергені туралы сертификат алды.

Маңдайша, жарнама атауларын заңға сәйкестендіру мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да мәдениет ошақтарына еркін кіру үшін, пандустар орнатылуда.

Сұхбат

PhotoRoom