Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды тұғырнамасы «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасын аудан жастарына кеңінен насихаттау мақсатында «Жастар ресурстық орталғы » КММ – нің Арал аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен жиын болды деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиынға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Батыс аймағы бойынша аудан аралық бөлімінің бас маманы Әділхан Жолекешов қатысты. Жиын барысында Әділхан Жолекешов бағдарлама төңірегінде басшылыққа алынған мәселелер туралы түсіндірілді. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері мен жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлықтың қауыптілігі мен қоғамға әкелетін залалы өскелең жастарға кеңінен баяндалды. Аталған басқосуға қатысқан жастар мамандарға сауалдарын жолдап тұщымды жауаптар алды. Мұндай жиындар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.