ОҚО кәсіпкерлерінің 1 млрд. теңгеге дейін сомасы үнемделді

Аймақ
25.11.2015, 15:14

24 қараша күні Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыс кәсіпкерлерінің форумы өтті. Форумның жұмысына «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері, сонымен қатар кәсіпкерлер, жергілікті атқарушы органның өкілдері, даму институттары мен екінші деңгейлі банк филиалдарының басшылары қатысты. Бұл туралы ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубәкіров жыл басынан бері атқарылған жұмыстар, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша қолданылған шаралар, әкімшілік кедергілерді жою, өңірдегі кәсіпкерліктің дамуы туралы айтты. Форум барысында кәсіпкерлектің дамуына кедергі жасап отырған негізгі проблемалар туралы айтылып, бизнес саласының түйінді мәселелеріне жауаптар берілді.

ОҚО КП-ның директоры Кәсіпкерлер палатасының өзінің екі жылдық қызметінде тауарлар мен қызмет көрсетудің салалық тиімді сапа стандарттарын өндіру үшін салалық бизнес ассоциациялар құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті. Жыл қорытындысы бойынша жүргізілген сараптаманың жинақталған нәтижесі, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділігінің жағдайы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманың құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ендіріледі.

Кәсіпкерлер палатасы өзінің қызметінде негізгі 5 бағытқа сүйенеді, олар: кәсіпкерлердің құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету, өңірлік даму картасын дайындау, адами капиталды дамыту

Бүгінгі күні Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарымен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің жеткілікті механизмі қалыптасқан, республикалық және жергілікті деңгейдегі нормативтік - құқықтық актілер сараптамасының жүйелік жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңесі нәтижелі жұмыс атқаруда, оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары және де өңірдің белгілі заңгерлері енгізілген. Бүгінгі таңда Кеңестің 5 мәжілісі өткізілді, онда 19 мәселе қаралып 11 мәселе бойынша өз шешімін тауып отыр, қалған 8 мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/DSC_6825.jpg"]

 

2015 жылдың өткен мерзімінде Палатаға 233 кәсіпкерлік субъектілерінен өтініш түскен, олардың 64 кәсіпкерлік субъектілерінің пайдасына шешілді, осы көрсеткіштер нәтижесінде кәсіпкерлерге 217 млн. теңгені (екі жыл ішінде 1 млрд. теңге дейін соманы) үнемдеудің сәті түсіп отыр.

Кәсіпкерлердің құқықтарымен заңды мүдделерін қорғауды қаматамасыз ету кәсіпкерлерді құқықтық сүйемелдеу негізінде, сонымен қатар прокуратура органдарымен тығыз қарым-қатынас негізінде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуын болдырмау және нәтижелі көмек көрсету мақсатында Палата бүгінгі таңда 2 жобаны жүзеге асырып отыр. Бұл мемлекеттік органдар және табиғи монополия субъектілерімен арада құрылған байланыс топтары, сонымен қатар «Бизнеске жедел жәрдем» жобалары. Бұл жобалар бірінші кезекте кәсіпкерлердің өтініштерінің тез арада негізінен қаралуына, сонымен қатар құзыретті органдар арасында көп уақытты алатын қағазбастылықтың алдын алуға септігін тигізеді.

Әкімшілік кедергілерді төмендету бағыт бойынша бизнестің әр саласын реттеуші заңнамалық актілермен және ережелермен жүйелік жұмыстар атқарылуда. Негізінде әкімшілік кедергілердің 2 түрі кездеседі:

1. Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер деңгейіндегі әкімшілік кедергілер, көп жағдайларда қолданыстағы регламенттермен ережелердің бизнестің дамуына кедергі келтіруі.

2. Мемлекеттік органдармен жекелеген мемлекеттік қызметшілердің деңгейінде жасалатын әкімшілік кедергілер.

Бірінші бағыт бойынша бүгінгі таңда Палата кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қозғайтын нормативтік - құқықтық актілер жобаларына жүйелік сараптама жұмыстарын атқаруда.

Барлық жобалар бизнес-қауымдастықтармен және Палатаның салалық комитеттерінде қызу талқыланады, содан соң Палата нормативтік актіні әзірлеуші мемлекеттік органға сараптамалық қорытынды ұсынады.

Бүгінгі күні ОҚО КП бастамасымен бірқатар заңдарға және нормативтік - құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Мысалыға «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңына инженерлік желілердің электрондық картасын жасауды міндеттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, яғни бұл норма монополия субъектілеріне өз мүмкіндіктерін ашық көрсетуді міндеттейді. Сонымен қатар бұл бағытта орталық мемлекеттік органдарға бизнестің әр-түрлі салаларын реттейтін Заңдармен басқада нормативтік актілерге 67 ұсыныс берілген.

Екінші бағыт бойынша Палата әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған ОҚО прокуратурасыман арада бірлескен Жоспарға қол қойып отыр. Осы Жоспар аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және рұқсат беру құжаттарын алуға жүйелік талдаулар жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша негізгі әкімшілік кедергілер жер пайдалану құқығын алу және кәсіпкерлік объектілерін салу кезінде орын алып отыр. Бүгінгі күні прокуратура орындары ОҚО 14 ауданында тексеру жұмыстарын жүргізді, тексеру нәтижесі бойынша құрылыс саласында және жер пайдалану құқығын алу кезінде 3000 аса кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды. Қазіргі таңда барлық құқықбұзушылық фактілер жиынтықталуда және де мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға ұсыныстар дайындалуда.

2015 жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарлап отырған жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне, кәсіпкерлерге сервистік қызметті қоса алғанда, қаржылай емес қолдау көрсету операторының міндеті жүктелді, сонымен қатар бизнесті қолдау және дамытудың «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында бизнесті ашу және жүргізу бойынша консалтингтік қызмет көрсетуді де.

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/DSC_6683.jpg"]

 

2014 жылдан бастап облыстың 14 аудандары мен қалаларында Кәсіпкерлік палатасының филиалдары жұмыс істесе, ал 2015 жылы Кәсіпкерлік палатасына Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарының қызметі берілді, оның алдында бұл қызметті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Кәсіпкерлерді қолдау қоры» АҚ-ның өңірлік филиалы атқарған және онда 2 менеджер-консультант жұмыс істеген.

Аудандардағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарының консультанттары мемлекеттік қолдау бөлімінде қаржыландыру көздері бойынша жобаларды сүйемедеу саласында консултациялық қызмет көрсетеді, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілеріне рұқсат құжаттарын алу үшін құқықтық қызметтерде көрсетеді. КП филиалдары аудан кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидасы бойыша қызмет көрсетеді. Мысалыға, 2015 жыл ішінде 6 191 адамға 14 386 консультациялық кеңес берілген. Жобаларды сүйемелдеу нәтижесінде екінші деңгейлі банктер мен микронесиелендіру ұйымдары арқылы 3,402 млн. теңгеге 726 жоба қыржыландырылған.

Өңірлік картаны дайындаудағы негізгі мақсаты әр өңірдің инфрақұрылымының, кадр әлеуеті, тарихи мамандандырылуының, пайдалы кен және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарының мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады. Картаны дайындау үшін құрамы Өңірлік кәсіпкерлік палатаның және жергілікті атқару органдарының өкілдерінен тұратын жұмысшы топ құрылған. Бүгінгі таңда, 267 орта және кіші бизнес субъектілерінің анкета, 799 кәсіпкерлерге сауалнама және 18 кәсіпкерден интервью алынды.

Зерттеу жұмыстарының қорытындысының нәтижесінде біз өңірде жүзеге асыру үшін бизнес жобаларын, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедегілерді азайтуға ұсыныстар, көлемі мен қызмет түрлеріне бөлінген ірі және орта деңгейдегі компаниялардың тізімін аламыз. Аталған жобаның аяқталуы осы жылдың соңында жоспарлануда. Жоба, алдын ала бизнес қауымдастығы мен жергілікті атқарушы орган өкілдерімен талқыланады.

Колледждерде оқу процессінің негізгі құрамы практиканы ұлғайту мақсатында «Дуалды оқытудың жол картасын» ендіру бойынша пилоттық жоба жүргізілуде. Аталған картаға 94 кәсіпорын және 2047 студенттердің қатысуымен 28 колледж ендірілді. Оқу жоспарларындағы практикалық сабақтардың үлесі 60 пайызға артты.

Үш колледжді кәсіпорынның қамқорлығына алу жөнінде келісім шарттар жасалды. Қамқорлықтый аясында кәсіпорындар колледждің жұмысын үйлестіруге қатысатын кеңестер құрылды.Халықаралық бизнес академиясымен МВА бағдарламасы жүргізілді, онда бүгінгі таңда 22 кәсіпорынның басшылары білім алады. «Химфарм» АҚ-нда ОҚО Фармацевтикалық кластер аясында оқу орталығы ашылды, онда фарминдустриясы үшін мамандар дайындау жоспарлануда.

Облыстың 60 колледждері мен 109 мектептерінде мамандандыруға бағдарлау кабинеттері ашылды, онда кәсіпорындар, еңбек нарығы мен оқу орындары туралы ақпараттар орналастырылған. Сонымен қатар, 35 мектепте 8-11 сынып оқушылары үшін «Оқушылардың мамандық таңдау негіздері» факультативті пәні оқытыла бастады.

Жалпылай айтқанда, екі жыл ішінде Палата бизнестің жүйелі проблемаларын шешуге бағытталған және бизнес саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау үшін бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Мысалыға, электроэнергияға қосудың техникалық шартын алу проблемасын жүйелі шешу үшін Кәсіпкерлер палатасы «Оңтүстік жарық» ЖШС-мен бірге ОҚО ерікті және тапшы қуаттың электронды картасын дайындап, іске қосты. Атап өтетін жайт, бұл карта Казақстан бойынша аналогы жоқ, жалғыз электронды карта болып табылады. Аталған картаның арқасында бизнестің энергожелілерге қосылудың техникалық шарттары проблемасы шешіліп, ашықтығы қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Палатаның жүзеге асырған ірі жобалардың бірі облыстың барлық ірі фармацевтикалық өнім өндірушілерін біріктірген Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластері болып табылады. Бүгінгі таңда, аталған кластер аясында сервис компанияларын (көлік және логистика, GLP халықаралық стандартқа сай дәрілік препараттарды қаптау және сақтау) құру бойынша жоба жұмыстары жүргізілуде және дәрілік заттарды экспертизадан өткізу бойынша зертхана құрылысының жобасы дайындалуда. Кластерді құрудағы негізгі мақсат Қазақстанда фармацевтика саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, отандық дәрілік препараттарды және фармацевиткалық өнімдерді шығаруды жолға қою.

Екі жыл ішінде Кәсіпкерлер палатасы бизнесті дамытуға кедергі келтіретін жасанды кедергілерді шешуге мүмкіндік беретін бірқатар жобаларды жүзеге асырды.

Осыған байланысты ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органға Елбасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қойған тапсырмасын орындау мақсатында бірге тығыз байланыса жұмыс істеуді ұсынды.Кәсіпкерлер палатасы басшысының сөзінен кейін кәсіпкерлер өздерін толғандырып отырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оған жауаптар алды.

Сұхбат

PhotoRoom