Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловта бірқатар азаматтар жеке мәселелері бойынша қабылдауында болды. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдауға келген «Отырар» шағын ауданының тұрғыны, бірінші топ мүгедегі Беркінбаева Құрманкүл жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын, өзінің тұрғын үй кезегінде 3888-ші болып тіркелгені жөнінде айтып өтіп, ал екінші топтағы ұлының жұмысқа орналастырып беруін өтініп, көмек көрсетуін сұрады. Бейбіт Атамқұлов бұл мәселені назарға ала отырып, үй кезегі келіп жеткенше қосымша қызметтік үймен қамтамасыз етуді, ұлы Ескендір Олжасты жұмысқа орналастыру жайын да шешуді жауапты сала мамандарына жүктеді.
Ал, келесі кезектегі жеке кәсіпкер Толянов Анармет өңірден электро- изоляторлық зауытын ашуға кірісіп кеткенін айтты. Осы аталған зауыт жұмыстарына қажеттілік туындауына байланысты қайта қаржыландыру үшін көмек беруін өтінді. Кәсіпкер бұған дейін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының қаржыландыру бағдарламасы аясында он алты млн. теңге алғанын, оның екі млн. теңгесін қайтарып бергенін айтты. Облыс әкімі бұл жайтты жан- жақты талқылап, кеңінен зерттей отырып, содан соң ғана бір шешімге келетінін мәлімдеді.