АҚТҚ-МЕН АУЫРАТЫНДАРДЫ ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Аймақ
27.11.2015, 14:56

Қызылордада АҚТҚ профилактикасы және аурумен күресіп жүргендерді қолдау мақсатында кең ауқымды жастар акциясы өтті, - деп хабарлады BNews.kz.

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ұйымдастырған шараға жүздеген қыз-жігіт қатысты. Акция шеңберінде жас орындаушылар концерт қойып, инфекциямен күрес шараларына, лекцияларға белсене қатысқандар марапатталды. Медицина қызметкерлері, шенеуніктер, қоғам қайраткерлері, студенттер ой-пікірлерін ортаға салды.

Статистикаға сүйенсек, дерт тіркелген уақыттан бері өңірімізде 84 адамнан ауру белгілері табылған. Олардың ішінде инъекциялық есірткі пайдаланатын ер азаматтардың салмағы басым.

Сұхбат

PhotoRoom