Отырар ауданында алдағы келер уақытта жүгері алқабы екі есеге артып, егіс көлемі қырық мың гектарға дейін өскелі жатыр, - деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Болашақта осыдан жиналған өнімді өңдейтін жүгері зауыты ашылып, жем шығаратын зауыт салу да жоспарланып жатқандығын мәлім етті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі С.Полатов.
Осының нәтижесін ала отырып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында айтылған жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті біршама орындалып қалғанын мәлімдеді. Одан да бөлек ауданда жаңа жұмыс орындарын құру бойынша нақты іс- әрекеттердің жасалып жатқанын айттып өтті.
2011-2015 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарына сәйкес аудан бойынша 5379 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, меже 141,2 пайызға артық орындалғаны мәлім болып отыр. Қорыта келгенде, Отырар ауданындағы жалпы жұмыссыздық деңгейі бүгінгі таңда бес пайызды құрайды.
Ал жыл басынан бері мың жеті жүз сегіз азамат жұмыспен қамтылып, жоспар жүз отыз сегіз пайызға орындалып отыр.