Бүгін, 5 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы тарапынан бірқатар тауар өндіруші кәсіпорындардың қатысуымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған іс- шара аясында аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға жергілікті тауар өндірушілерден әлеуметтік маңызды азық- түлік түрлерін жинауды ұйымдастырды.
Іс- шараға ұн («Дани Нан» ЖШС және «Алтын дән» ЖШС) мен ет («Қайып ата» ЖШС) және тауық жұмыртқасы(«Шымкент құс» ЖШС) мен макарон («Корона» ЖШС) сондай-ақ, өсімдік майы (ТОО «Шымкент май» ЖШС және «Арай» ЖШС) өндірушілері қатысты. Бұдан бөлек, картоп, пияз, күріш, қант және өзге азық-түлік түрлері ұсынылды. Аса қуантарлық тағы бір жәйт, Мақтарал ауданынан да «Арсенал сад» компаниясы белсенді қатысып, көмекке мұқтаж жандарды жеміс- жидектермен қамтамасыз етті.
Жалпы алғанда, осындай игі шараларды облыс кәсіпкерлерімен бірлесіп, тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарлануда.
Өз кезегінде, кәсіпкерлер осындай әлеуметтік шараларға белсенді қатысуға дайын екендігін жеткізіп, бұл бағытта жасалатын жүмыстарды жүйелендіру керек деп ұсыныс айтты.