АРЫСТА ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Аймақ
08.12.2015, 12:27

Арыста қалалық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен қалалық мәдениет үйінде «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында облыстық деңгейде жас ақындар айтысы өтті. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбеков айтысты ашып, жас ақындарға ақ жол, сәттілік тіледі. Аталған іс- шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек, ақын М.Дәрменов, ақын- ұстаз Р.Сұлтанәлиева қазылық етті.

Айтысқа қатысқан сегіз жұп, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, белгіленген тақырып аясында бір- біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, көрерменнің көңілінен шықты.

Нәтижесінде, бас жүлдені шымкенттік Дәурен Ақсақалов қанжығасына байласа, бірінші орынды түркістандық Тұрар Тілеулиев еншіледі, екінші орынды қазығұрттық Қуандық Қалыбеков алса, үшінші орынды арыстық Нұрсұлтан Маханов және отырарлық Дәурен Полатбековтер өзара бөлісті.

Арыс қаласы әкімінің арнайы сыйлығын Төлеби ауданынан Бекарыс Рахматуллаев жас ақын жеңіп алды, ал Ордабасы ауданынан Диана Батахаева «Ең жас ақын» номинациясымен марапатталды.

Айтысқа қатысқан жас ақындардың барлығы да Арыс қаласының әкімі С.Ертайдың «Алғыс хатымен» марапатталып, түрлі  бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сұхбат

PhotoRoom