Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында "Rixos Khadisha" қонақ үйінде «Дағдарыс — мүмкіндік ретінде» атты бизне-конференция өтті.
Конференция «ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері Ассоциациясы, аймақтық кәсіпкерлер палатасы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырды.
Кәсіпкерлер бас қосқан жиынға облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев, «ҚАЗКА» Басқарма кеңесінің төрағасы, «Global Chemical Company» ЖШС бас директоры Ж.Жанықұлов, макроэкономикалық зерттеулер орталығының басшысы, экономист О.Құдайбергенов, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ басқармасының төрағасы Ғ.Өзбеков, «Асадель Капитал» хедж-қорының басқарушы әріптесі М.Сейсембаев қатысты.
Конференция барысында дағдарыс кезіндегі кәсіпкерлік қызметтің өзекті проблемалары, басымдық берілетін салалар, тәуекелділік аймақтары, бизнесті дамытудың сұранымға ие бағыттары қаралды. Сонымен қоса жиында персоналды басқару, өндірісті оңтайландыру мен жаңғырту, кадрлар саясатын оңтайландыру мәселелері талқыланып, Қазақстан бизнесін дамытудың жаңа идеялары ұсынылды.
«Бүгінгі біздің мақсатымыз қазіргі аса күрделі дағдарыс жағдайында бағыт және өз бизнестерін дамыту мүмкіндігін табуға, сол арқылы тек ұстанымдарын нығайтып қана қоймай, мемлекетке күрделі кезеңді еңсеруге көмектесу, жағдай жасау болып отыр. Осы негізде бүгінгі конференция аса түбегейлі маңызға ие, ең алдымен бұл алаң мемлекет, бизнес, ғылым мен тәжірибенің озық үлгісі, алда тұрған міндеттерді жүзеге асыру жолында аймақтың іскерлік белсенділігін арттыруға және әлеуметтік экономикалық дамудың тұрақтылығына қол жеткізуге арналады», - деді «КАЗКА» ЗТБ басқармасы Кеңесінің төрағасы Жұмабек Жанықұлов.
Конференцияға Қазақстанның барлық аймақтарынан экономиканың түрлі секторларынан 500-ден аса кәсіпкер, танымал сарапшылар қатысты.
Бизнес-конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындалып, қабылданды. Олармен ұйымдастырушылардың мынадай:
www.kazka.kz ресми сайтында еркін танысуға болады.
Жиынға қатысушылар "Көрме" орталығындағы жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып, арнайы экономикалық аймақтағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысын аралап көрді.
Ақпарат облыс әкімінің баспасөз қызметінен.