ӨҢІРДЕ ТУРИСТІК-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Аймақ
21.12.2015, 23:56

Оңтүстік Қазақстанда келер жылдың бірінші тоқсанында «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы өз жұмысын бастамақ. Мемлекеттік коммуналдық мекеме тұрғындар мен қонақтарға алты бағыт бойынша қызмет көрсететін болады. 

Бірінші. Туристік қызметтерді бір терезе қағидасы арқылы жүзеге асыру. Яғни базада көлік компаниясының өкілдері, гид мамандары, көші-қон қызметі мен туристік операторлардың өкілдері орналастырылады.

Екінші. Облыстың туристтік әлеуетін зерттеп, ынтымақтастық орнатуға ниет еткен елдерге талдау жасау. Орта Азиядағы туристік өнімдері ілгерілеген халықаралық туроператорларды анықтау. Туристер үшін ақпараттық база құру.

Үшінші. Туристік имиджді ілгерілету. Веб порталдар үшін таныстырылым бейнероликтерін дайындау. Шымкент, Астана, Алматы қалаларында орналастырылатын билборд серияларын әзірлеу. ОҚО-дағы туризм жайлы вирустық жарнаманы таратуды дайындау.

Төртінші. Туроператорларды тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Облыстың ірі 500 туроператорын анықтап, облыстағы туристік бағыттарды ұсыну. Шетелдік туристік орталықтармен бірлесе жұмыс істеу.

Бесінші. Республика деңгейінде өтетін ауқымды мәдени, спорттық іс-шаралар мен көрмелерді Оңтүстік өңірінде өткізу. Алтыншы. Зәкірлік туристік жобалардың жүзеге асуына ықпал ету. Туризм саласына инвестиция тарту.

Ақпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

 

Сұхбат

PhotoRoom