Қарин 2015 жылдың үздік сарапшысы атанды

Рейтинг
22.12.2015, 11:22

Vlast.kz сайты жыл қорытындысын жасап, әр саланың үздіктерін анықтады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Сайт жасаған рейтинг бойынша Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Қарин жылдың «Үздік сарапшысы» аталып отыр.

Сондай-ақ, Аружан Саин, Дина Сабироваға сайт «Жылдың қоғам қайраткері» атағын берсе, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Жылдың мемлекет қайраткері» атанды. Танымал кәсіпкер Кеңес Рақышев «Жыл бизнесмені», кинорежиссер Ермек Тұрсынов «Жыл публицисті», «Халық банк» басшысы Үміт Шаяхметова «Жыл қаржыгері» деп танылған. «Жыл жобасы» атағына «Ойла» журналы мен Clique фестивалі лайық деп танылса, биыл дүниеден өткен әнші Батырхан Шөкенов «Жыл адамы» атанды.

Сұхбат

PhotoRoom