Сарыағаштықтар таза суды тәулік бойы тұтынатын болды

Аймақ
06.01.2016, 15:45

Сарыағаш қаласының тұрғындары енді ауыз суды кестемен емес, тәулік бойы үздіксіз тұтына алатын болды. Осы уақытқа дейін шаһар жұртшылығына тіршілік нәрі белгілі бір уақытта ғана берілетін. Судан тарыққан кездерде көпқабатты үй тұрғындары таза суды тасып ішсе, қала шетінде тұратын отбасыларға мүлдем қиын еді.

Ауыз судың машақаты Сарыағашта 6 мың текше метр таза суды сыйдыра алатын резервуардың іске қосылуының арқасында жойылмақ. Нысан толық қуатында жұмыс істеген кезде 113 мың тұрғыны бар Сарыағаш қаласы мен аудандағы 10 ауыл ауыз сумен тәулік бойы қамтамасыз етілетін болады.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданындағы 154 елді мекеннің 65-і таза ауыз суды орталықтандырылған құбыр арқылы тұтынады. Бірер жылда ауыз судан тарығып отқан 49 ауылда бұл мәселе шешіледі деп жоспарланып отыр. Қазір осы елді мекендердің жер асты су қоры зерттелуде. Жұмыстар біткен соң ауылдардан арнайы ұңғымалар қазыла бастайды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom