Шымкентте тоқыма кешенінің өндірістік желісі төсек-орын, түкті тоқыма мен осы тектес басқа да бұйымдар шығарып, бүгінде табысты жұмыс жүргізуде, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«AZALA Textile» ЖШС компаниясының базасында мақтадан жіп шығару, ал жіптен мата өндіру қарастырылған, сонымен қатар, матаны бояуға мүмкіндігі бар әрлеу цехі де салынды. Осылайша «AZALA Textile» ЖШС толық циклді терең өңдейтін фабрикаға айналды. Жобаны іске асыру барысында 3,8 млрд.тг көлемінде инвестиция тартылды, нәтижесінде фабрика жылына 2, 3 млн. дана төсек бұйымдарының жинақтамасы мен 10, 4 млн. дана тігілген түкті бұйымдар шығаруға мүмкіндігі бар. Жоба бойынша 584 жаңа жұмыс орындары ашылды.
«AZALA Textile» ЖШС компаниясының басшылығы (ол кезде «South Textiline KZ» ЖШС) тоқыма өндірісін кеңейту, сондай-ақ жаңа әрлеу және тігін цехтарын салу туралы шешім қабылдады. Мақта-мата өнімдерін шығаруда «Benninger» (Швейцария) және «Picanol» (Бельгия) еуропалық компаниялардың жабдықтары қолданылады. Заманауи тоқыма өнеркәсібінің талаптарына сай жіп иіру өндірісінде «Rieter» (Швейцария) фирмасының жабдығы орнатылған. Сонымен қатар, жетекші еуропа өндірушілердің «TISS» (Германия), «Zimmer» (Австрия), «Manfrost» (Германия) және «Byanko Line» (Италия) жаңа желілері орнатылған.
Фабриканы шикізатпен Мақтарал ауданындағы заманауи «Мырзакент» ЖШС мақта өңдеу зауыт қамтамасыз етуде. Аталған зауыт өздігінше қытайлық мақта сортын (республикада аналогы жоқ) өсіреді және оны американдық технологиямен қайта өңдейді.