Мәслихаттың құзіреті кеңейді

Рейтинг
26.01.2016, 17:39

Мәслихат депутаттарының жаңарту - аймақтық саясатты тиімді жүргізудің жолы, деп есептейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина.

Оның ойынша, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауы саяси партияларға өз идеяларын жариялауға мүмкіншілік береді. Келесі маңызды фактор - азаматтардың елдегі саяси өмірге араласа алуы. Сонымен қатар мемлекеттің ішінде саяси белсенділікті қамтамасыз етеді.

«Ендігі кезекте осы парламенттік сайлау-2016 науқаны аясында маңызды мәселелердің бірі - ол мәслихат депутаттарын сайлау қатар өтуі. Біз Парламент Мәжілісі корпусының жаңаруына, сенім мандатын ие болуына өте үлкен мән берудеміз, бірақ бұл жерде атап өтетін тағы бір нәрсе, мәслихат депутаттарын сайлауға да маңыз берген жөн. Не себептен? Себебі бұл аймақтық элитаны жаңарту және ол ауқымды жаңарту болғалы тұр», - дейді ол.

Оның сөзі бойынша, сайлау - жаңа адамдардың келуіне үлкен мүмкіншілік.

«Сонымен қатар мәслихат депутаттарының жаңарту - аймақтық саясатты тиімді жүргізудің жолы. Бізде мәслихат депутаттары   көп жағдайда аймақтық жағдайды өте жақсы біледі. Оны шешудің жолдарын жақсы түсінеді. Енді алдағы сайлау науқанында мәслихаттың рөліне неліктен көңіл бөлеміз. Себебі биыл, 2016 жылдың басынан бастап қана, осы мәслихат жұмысына жаңа өзгерістер мен ерекшеліктер енді. 2015 жылдың соңында, 5 институционалды реформалар аясында бірнеше заңдар қабылданған болатын. Ең бірінші кезекте ол жергілікті полиция жайында. Мәслихат жұмысындағы дербестік пен ауқымды шараларды жүзеге асыру барысында олар жергілікті полиция басшыларын бекітеді. Оларға әкім ұсынады, мәслихат депутаттары бекітеді. Яғни, мәслихаттың рөлі қаншалықты өскендігін көріп отырмыз», - деп атап өтті А.Жолдыбалина.

Сарапшының мәлім етуінше, мәслихат депутаттарының рөлі артқандығын көрсететін тағы бір мәселе ол - Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» аясында жергілікті өзін-өзі басқару дамытуға байланысты заң жобасы қаралуда.

«Оған сәйкес, бізде жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі пайда болады. Сол кеңесті құру барысында мәслихат депутаттары белсенді араласады. Сондықтан мәслихатқа жаңа депутаттардың келуінің өзектілігі өте жоғары», - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom