ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы таяу арада «Қазақстанда жасалған» брендімен отандық өндіріс орындарына тегін жарнамалық қызметтерін ұсынбақ.
Аталған бірегей жоба Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіп субъектілеріне ақпараттық қолдау көрсетіп, олардың «Қазақстанда жасалған» брендімен өндірген өнімін халықтың көптеп тұтынуына әсер етуде үлкен жұмыс болмақ. Тегін жарнамалық қызметтердің түрі саналуан. Ол үшін ОҚО КҚКО кәсіпорындар үшін жарнамалық роликтер мен ұйымның эксклюзивтік жарнамасын әзірлеп беруге дайын.
«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ҚР Кәсіпкерлік кодексі аясында отандық тауарлардың экспортқа шығуы аясында сервистік-ақпараттық қолдау жұмыстарына бар күшін салатын болады. Қазіргі экономикалық жағдайды ескерсек, аталған жоба Күнгейлік бизнесмендердің PR жұмыстарына бөлген қаражатын үнемдеуге зор үлесін қоспақ. Аталған қызмет түрлерін бастау осы жылдың көктеміне жоспарланып отыр», - дейді орталықтың бас директорының орынбасары Б.Дүйсебеков.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі