Бүгін «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен аймақта велоспортты дамыту мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Алқалы жиында Шымкент қаласының әкімдігі, Қазақстан велоспорт Федерациясы және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан Республикасында велоспортты және веложол инфрақұрылымын дамыту саласындағы өзара әрекет ету туралы үш жақты Меморандум бекітті. Аталмыш құжат Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық аухалды жақсарту, велоспортты, инфрақұрылымды, сондай-ақ велосипед туризмін дамыту сынды мақсаттарды көздейді.
Осыған орай бұқаралық спортты дамыту мақсатында жерлесіміз Ерлан Пернебековтың еске алуға арналған Республикалық көпкүндік веложарысының ресми ашылу салтанаты болды. Жарыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Қазақстан Велоспорт федерациясының вице-президенті, «Астана» президенттік кәсіби клубыныңатқарушы директоры Аманбек Кульчиков, олимпиада чемпионы және велоспорт әлемчемпионы, «Astana Women’s Team»әйелдер велокомандасының бас менеджері Зульфия Забирова және «Velocity» Қоғамдық қорының техникалық директоры Ерлан Жамалов қатысты.
Айта кетерлігі, 11-15 наурыз аралығында өтіп жатқан бұл дүбірлі додаға еліміздің әр облысынан іріктелген 12 команда қатысуда.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Қазақстанның велосипед спорты федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Президенті болып тағайындалды. Салтанатты жиында шаһар басшысы «Tour of Shymkent» бір күндік халықаралық веложарысы өтетіндігін айтып өтті. Баспасөз мәслихатында тұсауы кесілетін бұл жарысты ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шымкент-Түркістан бағытымен өткізу жоспарланған.
Шымкентте «Shymkent Bike» велосипед жалға берілетін автоматтандырылған стансалар жобасын жүзеге асырылады.Жобаның алғашқы сатысында «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен 200 велосипедті сатып алу және 40 стансаны орнату көзделген. Осыған ұқсас «Astana Bike» жобасы елорданың тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие. Өйткені қолданылуда тиімді, әрі бағасы да қолжетімді. Астанада қазірде 1000 велосипед және 150 станса бар. Қолданушылар саны 2 мыңнан асады. Ал Шымкентте ауа райының қолайлығына байланысты аталмыш жоба жыл бойы жүзеге асады.
Баспасөз мәслихатында және веложарыстың ашылу салтанатында Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, Қазақстан Велоспорт федерациясының вице-президенті, «Астана» президенттік кәсіби клубыныңатқарушы директоры Аманбек Кульчиков, олимпиада чемпионы және велоспорт әлемчемпионы, «Astana Women’s Team»әйелдер велокомандасының бас менеджері Зульфия Забирова және «Velocity» Қоғамдық қорының техникалық директоры Ерлан Жамалов қатысады.
Нұршат ТӨКЕН, Шымкент