Шымкенттіктер Наурыз мерекесін атап өтті

Аймақ
23.03.2016, 16:34

Шымкентте кең көлемде аталып өткен Наурыз мерекесінің шырайын түрлі мәдени іс-шаралар арттыра түскендей болды. Таңертеңгілік сағат 10:00-ден бастап қала саябақтарында көпшілік серуені бастау алып, Наурыз алаңында және әкімшілік-іскерлік орталығында басты салтанатты шаралар ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпорындар мен мәдени және білім мекемелері ақ ордалы киіз үй тігіп, көпшілікке наурыз көже дәм таттырды. Осымен бір мезгілде ипподромда ұлттық спорт ойыны - көкпар тарту, қыз қуудан сайыс ұйымдастырылып, жиналған қала тұрғындарын айрықша мерекелік әсерге бөледі. Мерекелік шараға арнайы келген шетелдік азаматтар ұлттық дәстүрдің құндылығы мен қасиеттеріне жоғары баға беріп жатты. Наурыз алаңының сахнасында жергілікті өнер ұжымдарының қатысуымен ән шырқалып, би биленді. Ең бастысы, мерекелік думанда Қайрат Нұртас таңдаулы әндерін орындап кештің шырайын арттырды. Айтпақшы, Наурыз алаңында өткен мерекелік шараны көпшілік біздің сайт арқылы тікелей эфирден тамашалауға мүмкіндік алды.

Сұхбат

PhotoRoom